Гимназия

expo

Экспо 2017 Қазақстанның елордасы Астана қаласында Халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) ұйымдастырылатын Халықаралық көрме. Көрме 2017 жылдың 10 маусым мен 10 қыркүйек дейін аралығында өтеді. Ұйымдастырушылармен таңдалған тақырып Future Energy (Болашақ қуаты) болып табылады.Оған әлемнің 100-ге тарта елі және 10-ға жуық халықаралық ұйымдар қатысады деп күтілуде. Көрмеге 5 миллионнан астам адам келеді. Бұл Қазақстанның халықаралық ілгері жылжуы жолындағы үлкен қадам болмақ. ЕХРО-2017-ні өткізу елорданың, сондай-ақ тұтастай алғанда республиканың экономикалық және инфрақұрылымдық дамуын қосымша ынталандыруға қызмет ететін болады.Сондықтанда осы көрменің сәтті өтуіне тілектеспіз.

image001Құрметті Қазақстандықтар!
Сіздерді ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтаймыз! Көк туымыз желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай.

Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған
Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Гимназия әкімшілігі

Болашақта тәуелсіз еліміздің тұғыры биік, қарыштап дамуы сапалы білімі, саналы тәрбиесі бар отансүйгіш жастар ғана бар белестерді бағындырары хақ.

№6 Хромтау гимназиясының ұстаздар қауымы, әрдайым Көшбасшы-мыздың әр Жолдауынан тың серпін, жаңа бағыт-бағдар аламыз. Сондықтан біздер бірігіп, жұмыла Елбасының алға қойған міндет-терін орындауымыз қажет.

гимназия директоры
Г.О.Мукашева

«Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыру – баршаға ортақ міндет. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың: «Ақыл табылмай, ештеңе табылмайды. Ой жетілмей тұрып, ар-намыс шыңдалмайды. Ал, сол ақылдың - тәрбие мен білімнен келіп туындайтынын ескерсек, ұстаздар қауымын адам болмысының инженері деп бағалауға тура келеді. Бүгінде Елбасы айтқан бәсекеге қабілетті қоғам орнату жолында жас ұрпақтың бойына білім нәрін егу мен тәрбиелеуде жаңашылдыққа ұмтылу қажеттігі туындап отыр. Мұның бәрі білім берудің мақсатын, құрылымын, әдістері мен құралдарын, оқу үрдісін ұйымдастыруға тікелей байланысты. Мектебіміз 100% интернетке қосылып, олардың барлығы интербелсенді құрылғылармен жабдықталған.

Сондай-ақ ол жаңа технологиялардың эксперимент алаңдарын және инновациялық іс-әрекетті сараптау мен сапасын қолдауымен қатар 2013 жылдан бастап "электрондық оқыту" жүйесі қолданысқа енгізілді, «Кембридж бағдарламасын меңгерген мұғалімдерден шығармашылық топ» құрылып, олар білім мазмұнына жаңаша сипат беру жолында өз жұмысын бастап кетті. Сонымен бірге «On-line» режимінде облыс,республика көлеміне сабақ беріп, барлық кабинеттің жекелеген пәндер бойынша «On-line» тәртібіндегі қашықтықтан семинар, ашық сабақ байқаулар өткізуін қадағалап отыруы – оның бүгінгі күн талабы мүдесіне шығуға қатты мән беретіндігінің көрінісі. Өскелең ұрпағымызды Отансүйгіш етіп тәрбиелеу үшін олардың санасына ұлттық құндылықтарды жасынан сіңіруіміз керек. Гимназияның бүгінгі таңда алға қойған мақсаты: мұғалімнің кәсіптік даярлығына, жаңа технологияларды пайдалана білуіне, өзінің нақты мақсатын айқын көре алуына және сол арқылы баланы әлемдік ақпараттық қоғамның толыққанды мүшесі ретінде азамат болуға бағыттау. Ұрпақ келешегі мен болашағына жауапкершілікпен қарайтын мұғалімдердің еңбегі өз нәтижесін берері сөзсіз. Білім, ғылым, әлеуметтік басқа да салаларды кешенді түрде қайта дамытқанда ғана алпауыт елдермен тең дәрежеде қадам басатын боламыз.

Ал Президентіміз Н.Ә Назарбаевтың кезекті Жолдауы әр ұстаздың қойын дәптеріне айналуы тиіс.

Гимназия директоры Г.О Мукашева

   

Елбасы Жолдауынан  

   

Мемлекеттік рәміздері  

 

   

Директор блогы  

 

Мукашева Гулмараш Орынбасаровна

   

   

Flag Counter

   
QR-Code dieser Seite
   

Сенім телефоны:  

 

   
© №6 Хромтау гимназиясы

Разработка и техподдержка сайтов в Хромтау ИП Петрова Л.Н. 8 702 548 48 09