Гимназия

Біз елбасымен біргеміз!

Президент Нұрсұлтан Назарбаев жылдағы дәстүр бойынша «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауын жариялады. Жаңа Жолдауда Стратегияда нақтыланған міндеттерді жүзеге асыру үшін қажет шаралар пысықталып, атқарылатын шаруалар айтылды. Әр жылғы Жолдау үнемі өзінің тереңдігімен және де халыққа аса қажет мәселелерге бағытталғандығымен ерекшеленеді. Биылғы жолдаудың басты ерекшелігі болашағы мызды бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін – Мәңгілік Ел идеясы. Олай болса Қазақстанды – Отаным деп таныған әрбір азаматтың мемлекеттің өркендеп өсуі, халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеруіне өз мүмкіндігінше үлес қосуы тиіс. Алдағы уақытта тек қана бар күш-жігерімізді жұмсап еңбек ете берейік.

№6 Хромтау гимназиясы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жасаганбергенова Б.И

«Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Кіші педагогикалық кеңес

Өтілген күні: 18.01.2014 жыл
Қатысқандар саны - 45


Күн тәртібінде қаралаған мәселе:

  1. «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
  2. Пікірлер тыңдау.
  3. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау тобын құру туралы гимназия директорының бұйрығымен таныстыру.

Қ Ұ Т Т Ы Қ Т А Й М Ы З !!!

"Елбасы - ел бірлігі, ел сенімі"

ҚР Тұңғыш Президентінің күніне орай Ақтөбе облыстық маслихаты, "Нұр Отан" партиясының Ақтөбе облыстық филиалы және облыстық білім басқармасы 2013 жылдың 29-қарашасында "Елбасы -ел бірлігі, ел сенімі" тақырыбында салтанатты шара өткізді. "Нұр Отан" партиясының ғимаратында өткен шараға қатысушылар Елбасына деген ыстық ықылас, ерекше құрметтерін білдірген шынайы сөздерін білдіріп жатты.Мерекелік шарада облыстық, республикалық, халықаралық конкурстар мен фестивальдар жеңімпаздарын, оқушылар мен студенттерді марапаттау рәсімі болды. Соның ішінде №6 Хромтау гимназиясының 7 «а» класс оқушысы Қойлыбай Үміт "Егер мен Президент болсам" мультимедиялық жоба конкурсының жеңімпазы атанып, сыйлыққа ноутбук иеленді.

Барша халықты ҚР тұңғыш Президент күнімен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс тілейміз! толығырақ.

 

 

   

Елбасы Жолдауынан  

   

Мемлекеттік рәміздері  

 

   

Директор блогы  

 

Мукашева Гулмараш Орынбасаровна

   

   

Flag Counter

   
QR-Code dieser Seite
   

Сенім телефоны:  

 

   
© №6 Хромтау гимназиясы

Разработка и техподдержка сайтов в Хромтау ИП Петрова Л.Н. 8 702 548 48 09