Гимназия

kyn

   
   
Психолог маманға
сұрақтар мен жауаптар

psiholog

Райымкулова Гульжан Ж

87071679445
Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
   

   

№6 Хромтау гимназиясының 2016-2017 оқу жылындағы «1 қыркүйек- Білім күніне арналған» салтанатты жиыны мен «Мен өз елімнің патриотымын» тақырыбында өткен сынып сағаттарының өткізілуі туралы мәлімет
№6 Хромтау гимназиясында 2016-2017 оқу жылының 1 қыркүйегі күні сағат 10.00-де  «1 қыркүйек-Білім күні» арналған салтанатты жиыны өтті. Салтанатты жиынды гимназиямыздың директоры Г.О.Мукашеваның құттықтау сөзімен ашылды. Салтанатты жиынға  келген қонақтар  Аудандық білім бөлімінің әдіскері Барикова Г.С ардагер ұстаз Саймова С.Е гимназия білім алушылары мен ата-аналарға өздерінің жылы лебіздерін білдірді.

Мектеп табалдырығын алғаш болып аттағалы тұрған 1-класс бүлдіршіндеріне «Алғашқы  қоңырау соғу» рәсімін  өткізілді. Биылғы оқу жылында  1 сыныпқа 93 білім алушы қабылданды.
Білім күніне арналған 1-11 сынып білім  алушыларына арналған «Мен өз елімнің патриотымын»тақырыбындағы сынып сағаттарымен жалғасты. Сынып сағаттары өз дәрежесінде өтіп, әр баланың жүрегіндегі өз еліне деген үлкен құрмет пен патриоттық сезімдерін көріп, келешек өз елі мен жерін сүйетін өскелең ұрпақтың өсіп келе жатқандығына  тағы бір мәрте көзіміз жетіп, осындай қуаныштың куәсі болдық.
Барлық оқушылар білім күніне арналған тәрбие сағатына кіргеннен кейін гимназия акт залында барлық ата – аналарға арналған жиналыс өткізілді. Жиналыста мектеп формасы,оқулық,ыстық тамақ және мектеп тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызмет бойынша мәліметтер кеңінен берілді. Терроризмнің алдын-алу «Білім алушылар бойында этностық және діни толеранттылықты тәрбиелеу,экстремизм мен радикализмге қарсы әрекет ету дағдыларын қалыптастыру» мақсатында мектеп директоры баяндама оқыды.

   

Послание Токаева  

   

Мемлекеттік рәміздері  

 

   

Директор блогы  

foto 

Мукашева Гулмараш Орынбасаровна

   

Әлеуметтік серіктестер  

 

   
QR-Code dieser Seite
   

Сенім телефоны:  

 

   
© №6 Хромтау гимназиясы

Разработка и техподдержка сайтов в Хромтау ИП Петрова Л.Н. 8 702 548 48 09