Гимназия

kyn

   
   
Психолог маманға
сұрақтар мен жауаптар

psiholog

Райымкулова Гульжан Ж

87071679445
Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
   

   

Төл мереке құтты болсын!

-----------------

24

Біздің ұстаздар

АҚБӨКЕНДЕР
ақбөкендерді қорғау
ақбөкен

Mектеп мақтанышы

 

 

11 класты ҰБТ дайындық жоспары
2020-2021 қаңтар ҰБТ қорытындысы талдама

 

№6 Хромтау гимназиясының 2019-2020 оқу жылындағы қаңтар айында өткен

ҰБТ  қорытындысына

Талдама

Өткізу формасы:тестілеу.  

Өткізу мерзімі:19.01.2020ж.

ҰБТ форматы:5 пән (3міндетті + 2 таңдауы бойынша).

                        Барлық тест тапсырмалар саны —120.

Тестілеудің жалпы уақыты: 3 сағат 30 минут (210 минут)


Жоғары балл саны: 140

Шекті деңгей балы: 50

Бейінді пәндер таңдайтын мамандыққа байланысты таңдалды

2019-2020 оқу жылында ҰБТ жаңа формат бойынша өткізілді. Қаңтар айындағы ҰБТ-ға 11 кластан 29 оқушының 28 қатысты. Оның ішінде 5 «Алтын белгі», 1 үздік аттестат үміткері болды. Класс жетекшісі: Сарсенбаева А.Н.

Қаңтар айының 19 күні 28 оқушы ҰБТ қатысты, ол 98 пайыз. 28 оқушының 15- физика пәнін, 20- математика пәнін, 3- биология, 3- химия пәнін, 7- география пәнін, 4- ағылшын тілі, 2-дүниежүзі тарихы пәнін, 1- қазақ тілі мен қазақ әдебиетін таңдау пәні ретінде тапсырды. Жалпы гимназия бойынша орташа балл 60,3.

Межелі деңгейге жетпеген 7 оқушы болды.

Ең жоғарғы балл Айбек Айболсын – 93 балл толығырақ 

11 класты ҰБТ дайындық жоспары

 

 
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы «05» желтоқсан
№ 506 бұйрығымен бекітілген
Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және ағымдағы жылғы жалпы орта білім берудің білім бағдарламаларын меңгерген білім беру ұйымдарының бітірушілеріне (бұдан әрі - бітіруші) ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу тәртібін белгілейді.

2. Қағидалар меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан білім беру ұйымдарына таратылады.

3. Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі - ҰБТ) - орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім беретін білім беру ұйымдарындағы түсу емтихандарын біріктіретін, жалпы орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттау түрлерінің бірі.

4. ҰБТ ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу пункттерінің (бұдан әрі - ҰБТӨП) базасында өткізіледі.

5. ҰБТ-ның өткізілуін үйлестіру үшін облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармаларының базасында штабтар (бұдан әрі – Штаб) құрылады.

6. Штаб:

1) ҰБТ-ны және апелляцияны өткізу жөніндегі ұйымдастыру жұмыстарын;

2) ҰБТ мәселелері бойынша жұртшылық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын;

3) ҰБТ-ны өткізу кезінде металл іздегіштердің, ұялы байланыс телефондарының сигналдарын тұншықтыратын құралдарды және бейне бақылау камераларын пайдалану жұмыстарын үйлестіреді.

7. ҰБТ-ны өткізу үшін ҰБТӨП-те мемлекеттік комиссиялар (бұдан әрі - МК) құрылады. МК өз жұмысында «Білім туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын және осы Қағидаларды басшылыққа алады.

8. МК-нің құрамына әкімдік өкілдері, жоғары оқу орындарының басшылары (бұдан әрі – ЖОО), облыстық (республикалық маңызы бар қалалар) білім басқармаларының бастықтары (бұдан әрі – білім басқармасының бастықтары), аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің бастықтары, құқық қорғау органдарының, қоғамдық ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ білім беру ұйымдарының немесе білім басқармаларының білікті қызметкерлері арасынан тағайындалған хатшы кіреді. МК мүшелерінің саны 5 адамнан тұрады.

9. Білім беру ұйымдарында:

1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың білім беру ұйымдарының базасында орналасқан ҰБТӨП-терде МК төрағасы болып ЖОО-ның басшылары немесе білім басқармаларының бастықтары тағайындалады;

2) аудан орталықтарының білім беру ұйымдарында орналасқан ҰБТӨП-терде МК төрағасы болып аудан (қала) әкімдерінің орынбасарлары немесе аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің бастықтары тағайындалады.

МК-нің құрамы жоғары оқу орындарының және облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың білім басқармаларының ұсыныстары бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен ҰБТ рәсімін өткізгенге дейін 2 ай бұрын бекітіледі.

10. МК:

1) жұртшылық арасында ҰБТ мәселелері бойынша ақпараттық- түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;

2) жергілікті атқарушы органдармен және білім беру ұйымдарымен бірлесіп бітірушілерді ҰБТӨП-ке және кері жеткізуді, орналастыру мен тамақтандыруды ұйымдастырады (50 шақырымнан жақын қашықтықта тұратын бітірушілер тестілеу өткізілетін күні таңғы сағат 07.00-ден бастап, ал ҰБТӨП-тен 50 шақырымнан алыс қашықтықта тұратын бітірушілер тестілеу басталғанға дейін бір күн бұрын тасымалданады);

3) медициналық қызметкерлердің жұмысын қамтамасыз етеді;

4) электр көзі мен телекоммуникациялық байланыстың үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

5) кезекшілердің құрамын қалыптастырады;

6) кезекшілердің тестілеуге қатысуын қамтамасыз етеді;

7) қоғамдық тәртіпті сақтауды, тестілеуге кіргізу кезінде металл іздегіштерді, тестілеу кезінде ұялы байланыс телефондарының сигналдарын тұншықтыратын және бейнебақылау құралдарын пайдалануды ұйымдастырады;

8) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тестілеу басталғанға дейін ғимаратты тексеру актісін жасау арқылы ҰБТ өтетін ғимаратты жарылғыш заттардың болмауы үшін тексеруді жүзеге асырады;

9) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілдері (бұдан әрі – Министрлік өкілдері) мен апелляциялық комиссияның жұмыс істеуі үшін жағдай жасайды;

10) Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аудиторияларды ҰБТӨП жетекшілерінен санитарлық-гигиеналық нормаларының сақталуына, тыйым салынған заттардың (ақпараттық және анықтамалық материалдар, электрондық кітаптар, калькуляторлар, ұялы телефондар, пейджерлер және фотоаппараттар) болмауына жасалған акт бойынша қабылдауды жүзеге асырады;

11) Министрлік өкілімен бірлесіп мүгедек бітірушілер, даму мүмкіндіктері шектеулі, көру қабілеті нашар (көрмейтін, нашар көретін), есту қабілеті нашар (естімейтін, нашар еститін), өздігінен жүріп-тұру функциясы бұзылған мүгедектер және қант диабетімен ауратын бітірушілер үшін жеке аудитория бөлу туралы шешім қабылдайды.

12) тестілеу өткізілген күні осы Қағидаларға 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкеснысан бойынша Дұрыс жауаптар коды мен ҰБТ қорытындысының емтихан ведомосын (апелляция есепке алынбаған) және ҰБТ қорытындысының емтихан ведомосын (апелляция есепке алынған) көпшіліктің назарына іледі;

13) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес Сертификаттарды беру тізілімін және сертификаттарды беру жұмыстарын ұйымдастырады;

14) Штабты ҰБТ-ның өту барысы және бітірушінің осы Қағидалардың талаптарын бұзу фактісі туралы хабардар етеді.

11. МК-ның шешімдері МК мүшелерінің отырысында қатысушылардың көпшілік даусымен қабылданады және төраға мен хатшының қолы қойылған отырыс хаттамасымен ресімделеді. Дауыстар тең болған жағдайда, МК төрағасының даусы шешуші болып саналады. толығырақ

 

1. Жалпы ережелер

1. Ұлттық бірыңғай тестілеуді (бұдан әрі - ҰБТ) ұйымдастыру және өткізу келесі кезеңдерді қамтиды:
1) «ҰБТ өткізу пунктінің» деректер базасын қалыптастыру;
2) «Бітіруші» деректер базасын қалыптастыру;
3) тестілеуді өткізуге дайындық;
4) тестілеуді өткізу;
5) апелляцияны өткізу;
6) сертификаттарды басу және тарату;
7) жұмыс бойынша есеп дайындау.
2. Осы нұсқаулық ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу бойынша төменде аталғандардың іс-әрекеттері мен негізгі функцияларын анықтайды:
1) Ұлттық тестілеу орталығының (бұдан әрі - ҰТО);
2) мемлекетік комиссияның;
3) ҰТО филиалының (ҰБТ-ны өткізу пунктінің) жетекшісінің (бұдан әрі – ҰБТ-ны өткізу пунктінің жетекшісі);
4) ҰТО филиалының (ҰБТ-ны өткізу пунктінің) инженерінің (бұдан әрі – ҰБТ-ны өткізу пунктінің инженері);
5) мектеп бойынша жауаптының (бұдан әрі – техникалық хатшы);
6) Білім және ғылым министрлігі өкілінің (бұдан әрі – Министрлік өкілі);
7) Білім және ғылым министрлігінің программисінің (бұдан әрі - Министрлік программисі);
8) апелляциялық комиссияның төрағасының;
9) Білім және ғылым министрлігі өкілдері тобының жетекшісінің (бұдан әрі – Министрлік өкілдері тобының жетекшісі);
10) аудитория бойынша кезекшінің (бұдан әрі – кезекші);
11) ағымдағы жылғы мектеп бітірушілердің (бұдан әрі - бітіруші).
3. ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу бойынша жоғарыда көрсетілген тұлғалар өз қызметінде «Білім туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылдың 5 желтоқсандағы № 506 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 7367 нөмірімен тіркелген) Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларын (бұдан әрі - Ереже), осы Нұсқаулықты және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.  толығырақ

№6 ХГ ҰБТ анықтама

№6 Хромтау гимназиясының 2015-2016 оқу жылындағы ҰБТ қорытындысына Талдама 

Новый формат ЕНТ 

№6 Хромтау гимназиясының 2016-2017 оқу жылында ҰБТ, ОЖСБ, PIZA - ларға дайындау алдындағы жүргізілетін шаралар жоспары

2014-2015 ҰБТ қорытында талдама

2014-2015 оқу жылы қараша айының талдамасы

№6 Хромтау гимназиясының 2013-2014 оқу жылында ҰБТ, ОЖСБ, PIZA - ларға дайындау алдындағы жүргізілетін шаралар жоспары

2013-2014 оқу жылындығы №6 гимназиясының 11- сынып оқушыларының ҰБТ-ға дайындығы туралы анықтама (І жарты жылдық)

2018-2019 ҰБТ қорытында талдама

--------------

ОЖСБ

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының
2012 жылғы «6» сәуірдегі
№ 151 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында
оқу жетістіктерін сырттай бағалауды өткізу жөніндегі нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

1. Осы нұсқаулық «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалауды (бұдан әрі - ОЖСБ) ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін анықтайды.
2. Нұсқаулық меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан білім беру ұйымдарында жүзеге асады.
3. Білім беру ұйымдарындағы ОЖСБ-ның міндеттері:
1) білім алушылардың оқу жетістіктерін мониторингілеуді жүзеге асыру;
2) оқу процесін ұйымдастырудың тиімділігін бағалау;
3) білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметінің сапасына салыстырмалы талдау жасау болып табылады.
4. ОЖСБ-ны өткізу мерзімін білім саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) белгілейді.

2. Жалпы орта білім беру ұйымдарында ОЖСБ-ны өткізу

5. Жалпы орта білім беру ұйымдарында ОЖСБ негізгі орта, жалпы орта білім алуды аяқтағаннан кейін:
негізгі мектепте (9 (10)-сыныптан кейін – оқытудың одан әрі траекториясын айқындау мақсатында;
жалпы орта (бейіндік) мектепте – оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау мақсатында өткізіледі.
6. Негізгі орта білім деңгейіндегі ОЖСБ білім алушылар білім алып жатқан білім беру ұйымдарының базасында өткізіледі.
7. ОЖСБ-ны өткізу қағидаларының сақталуын бақылауды Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Білім саласындағы бақылау департаменттері және Министрліктен жіберілген уәкілетті өкілдер жүзеге асырады.
8. ОЖСБ кешенді тестілеу нысанында қағаз жеткізгіш сияқты қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды, сондай-ақ уәкілетті орган бекіткен жазбаша тапсырмаларды қолдану арқылы өткізіледі.
9. Тапсырмалар жалпы білім беретін оқу бағдарламаларының негізінде әзірленеді, олардың мазмұны аталған бағдарламалардың шеңберінен шықпауы тиіс.
10. 9 (10) сыныптарда ОЖСБ рәсімдеріне міндетті түрде қазақ тілі және уәкілетті орган жыл сайын белгілейтін 3 пән енгізіледі.
11. Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны – 20.
12. Тестілеуге 4 пән бойынша 120 минут (2 сағат) беріледі.
13. ОЖСБ-ның нәтижесі әрбір дұрыс жауап үшін 1 балмен бағаланады.
14. Нәтижелерін өңдеу ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу пункттерінде жүргізіледі.
15. ОЖСБ-ның нәтижелері оқушылардың назарына ол аяқталғаннан кейін күнтізбелік 3 күн ішінде жеткізіледі.
16. ОЖСБ-ның нәтижелерін рейтингтік зерттеу жүргізетін ұйымдар пайдалануы мүмкін.
17. Тестілеуді жүргізуге дайындық барысында оқушылармен тестілеу материалдарын толтыру бойынша түсіндіру жүмыстары жүргізіледі, ОЖСБ рәсімін өткізу тәртібімен таныстырылады.
Оқушыларға:
1) бір орыннан екінші орынға ауысуға;
2) кезекшінің рұқсатынсыз тестілеу материалдарын ашуға;
3) тестілеу материалдарын басқа оқушының материалдарымен айырбастауға;
4) калькуляторды, анықтамалық әдебиеттерді (Менделеев және тұздардың ерігіштігі кестесінен басқасын), электрондық жазба кітапшаларын, корректор сұйықтығын және байланыс құралдарын пайдалануға;
5) басқа оқушылармен сөйлесуге және көшіруге, шпаргалка және басқа да анықтамалық материалдарды қолдануға;
6) кезекшінің және Министрлік өкілінің рұқсатынсыз аудиториядан шығуға
рұқсат етілмейді.

3. ОЖСБ-ны жоғары білім беру ұйымдарында өткізу

18. Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында ОЖСБ білім беру қызметтерінің сапасын бағалау және жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында (бұдан әрі - МЖМБС) қарастырылған оқу пәндерінің көлемін білім алушылардың меңгеру деңгейін анықтау мақсатында соңғы курс студенттері үшін жүзеге асырылады.
19. ОЖСБ меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жоғары оқу орындарындағы барлық оқыту нысандары бойынша білім алушы студенттер үшін өткізіледі. ОЖСБ-ның нәтижелерін рейтингтік зерттеу жүргізетін ұйымдар пайдаланатын болады.
20. ОЖСБ жүргізілетін жоғары білім мамандықтарының тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
21. ОЖСБ өткізу үшін МЖМБС-ның базалық және бейінді пәндерінің циклдары бойынша тест тапсырмалары пайдаланылады.
22. ОЖСБ кешенді тестілеу (бұдан әрі - тестілеу) нысанында 4 пән бойынша уәкілетті орган белгілеген мерзімде өткізіледі.
23. Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны – 25, ал 4 пән бойынша тест тапсырмаларын орындауға 150 минут (2,5 сағат) бөлінеді.
24. Тестілеу оқыту тілінде, тиісінше қазақ немесе орыс тілдерінде өткізіледі.
25. Білім беру ұйымдарында ОЖСБ өткізу қағидаларының сақталуын бақылауды Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің аумақтық органдары және базалық жоғары оқу орындарына жіберілген Министрліктің өкілдері жүзеге асырады.
26. Тестілеудің нәтижелері студенттердің назарына тестілеу аяқталғаннан кейін 24 сағат ішінде жеткізіледі.

Білім жетістіктерін сырттай бақылау туралы

Оқу жетістіктерін сырттай бақылау туралы

Мемлекеттік аралық бақылау (МАБ) 2004 жылы Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының қабылдануына байланысты енгізілді. Бұл рәсім мемлекеттік бақылаудың бүр түрі болып табылды және республикамыздың орта білім беру ұйымдарының 4 пен 9-сыныптарында, жоғары оқу орындарының 2(3) курстарында өткізілді. Министрлік белгілеген төменгі шекті деңгейден өте алмаған білім беру ұйымдары кезектен тыс аттестаттауға жататын. Бақылаудың бұл түрі өзінің оң рөлін жәнеөзіне жүктелген міндеттерді атқарды деуге болады.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының қабылдануына байланысты және «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына білім беру ұйымдарына тәуелсіз оқыту сапасына мониторинг жүргізу үшін сәйкес 2011-2012 оқу жылында оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖСБ) рәсімі енгізілді.

ОЖСБ-ны уәкілетті орган жүзеге асырады және білім беру қызметінің сапасын бағалау және білім алушыларды жалпыға міндетті білім беру стандарттарын меңгеру деңгейін анықтау мақсатында негізгі мектепте (9(10) сыныптан кейін), жоғары оқу орындарында (4-курста) – оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруді мониторингілеу мақсатында іске асырылады.

ОЖСБ негізгі орта білім беру деңгейінде білім алушылар білім алып жатқан білім беру ұйымдарының базасында өткізіледі.

ОЖСБ кешенді тестілеу нысанында қағаз тасымалдағышта және қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып өткізіледі.

Тапсырмалар жалпы білім беретін оқу бағдарламаларының негізінде әзірленеді, олардың мазмұны аталған бағдарламалардың шеңберінен шықпауы керек.
9 (10) сыныптарда ОЖСБ рәсіміне міндетті түрде қазақ тілі пәні және уәкілетті органмен жыл сайын белгіленетін, өткізудің алдында ғана белгілі болатын 3 пән енгізіледі. Мұндай шара білім беру ұйымдарында бағдарлама талапқа сай меңгеріліп, оқушылар белгіленген пәндер бойынша ғана емес, барлық пәндерден бірдей дайындалу үшін қажет.

Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны – 20.
Тестілеуге 4 пән бойынша 120 минут (2 сағат) беріледі.
Оқыту бағыттары бойынша жоғары білім мамандықтарының және ОЖСБ өткізілетін жоғары оқу орындарының тізбесін жыл сайын уәкілетті орган белгілейді. ОЖСБ-ны өткізу үшін ММББС-ның базалық және бейіндік пәндерінгің циклдары бойынша әзірленген тест тапсырмалары пайдаланылады.

ОЖСБ кешенді тестілеу нысанында 4 пән бойынша, уәкілетті орган белгілеген мерзімде өткізіледі.

ОЖСБ-ны өткізудің белгіленген тәртібінің және оның ережелерінің сақталуына бақылауды облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Білім саласындағы бақылау департаменттері мен Министрліктің уәкілетті өкілдері жүзеге асырады.

Тестілеуді өткізуге дайындық кезінде оқушылармен тестілеу материалдарын ресімдеу және тестілеу барысында тәртіп сақтау ережесі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

МАБ пен ОЖСБ-ның арасындағы ерекше айырмашылық білім беру ұйымдарына қатысты құқықтық салдарлардың болмауы болып табылады. ОЖСБ нәтижелері әрбір білім беру ұйымдарындағы көрсетілетін білім беру қызметінің сапасы туралы оқушыларды, студенттерді, ата-аналар жұртшылығын кең көлемде хабардар ету үшін пайдаланылатын болады. Бұл ретте, жеткілікті даярлау деңгейін қамтамасыз етпеген білім беру ұйымдары жағдайды өзгерту үшін шұғыл шаралар қабылдайтын болады.

9-сынып оқушыларын ОЖСБ бойынша дайындау жоспары /2013-2014оқу жылы/

БҰЙРЫҚ №112 н/қ

2014 ж. « 03» қазан
«№6 Хромтау гимназиясы»ММ 

9 сынып оқушыларының оқу жетістіктерін
сырттай бақылауға дайындау туралы 

Оқушылардың оқу жетістігінің монитормингін жүзеге асыру мақсатында оқу үрдесін тиімді ұйымдастыруды бағалау үшін, БҰЙЫРАМЫН: 

1.ОЖСБ-ға дайындық бойынша мектеп іс-шарасының жоспарын жасап,сынақ тестілеу және консультация кестелері бекітілсін./1,2 қосымша/.
2.Пән мұғалімдері осы жылдың 11-ші қазанына дейін оқушылардың оқу жетістігін сырттай бақылауға сапалы дайындығын қамтамасыз ету үшін тақырыптақ жоспар жасалсын.
3.9-шы сынып жетекшісі оқушылардың тестілеуге және консультацияларға қатысуын қатал бақылаға алып,ОЖСБ ға дайындық туралы ата-аналарға мезгілінде ақпарат берілсін.
4.Мектеп психологі А.Б.Кушербаева оқушылардың психолого-педагогикалық жағдайын ОЖСБ-ға дайындық кезінде қамтамасыз етуге әсер ететін іс-шаралар жоспарын құрастырсын.
5.Мектеп әкімшілігі ай сайын ОЖСБ-ның сынақ тестілеу қорытындысын директор кеңесінде, сынып жиналысында қарап, талқыласын.
6.Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау оқу ісі меңгерушісі Ж.К.Жаржановаға жүктелсін.

Гимназия директоры: Г.О. Мукашева

ОЖСБ 2018 талдама

Оқу жетістіктерін сырттай бағалауға арналған дайындық жоспары /2016-2017 оқу жылы/

Нұсқаулық

Министрлік

Мектеп жауапты

Кезекшілік

Ата-анаға кеңес

Бұйрық № 223 н/қ

№6 Хромтау гимназиясы                                            «20» желтоқсан 2013 ж.

Мемлекеттік қызмет көрсету туралы.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 

  1. Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартының орындалуы үшін жауапты тұлға ретінде мектептің іс жүргізушісі А.А. Кенжебаеваға міндеттелсін.
  2. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету стандартының орындалуы үшін жауапты тұлға ретінде мектептің іс жүргізушісі А.А. Кенжебаеваға міндеттелсін.
  3. "Денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету стандартының орындалуы үшін жауапты тұлға ретінде мектептің іс жүргізушісі А.А. Кенжебаеваға міндеттелсін.
  4. «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету стандартының орындалуы үшін жауапты тұлға ретінде мектептің іс жүргізушісі А.А. Кенжебаеваға міндеттелсін.
  5. «Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету стандартының орындалуы үшін жауапты тұлға ретінде мектептің әлеуметтік педогогы М.О.Нуртазинаға міндеттелсін.
  6. «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартының орындалуы үшін жауапты тұлға ретінде мектептің іс жүргізушісі А.А. Кенжебаеваға міндеттелсін.
  7. Жауапты тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетудің орындалуын сапалы жүргізу міндеттелсін.
  8. Аталмыш бұйрықтың орындалуын гимназия менеджері А.Б.Боккаринаға жүктелсін.

№6 Хромтау гимназиясының директоры                                     Г.О. Мукашева 

Бұйрықпен танысқандығы туралы:

  1. Буккарина А.Б.
  2. Кенжебаева А.А
  3. Нуртазина М.О

БЕКІТЕМІН 
 Гимназия  директоры 
____ Г.О Мукашева 
№ 223 н/қ 20. 12.2013ж
 
№6 Хромтау гимназиясының мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бойынша жауапты қызметкерлер
  

Мемлекеттік қызмет атауы

Жауаптылар

Қабылдау уақыты

Ескертпе

1

«Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет  көрсету стандарты

Кенжебаева А.А

– іс жүргізуші

Күнделікті

9.00-ден - 18.30-ге дейін

үзіліс

 13.00-ден  14.30-ға дейін

Алдын ала жазылу мен құжаттарды жеделдетілген түрде рәсімдеу қарастырылмаған

2

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

Кенжебаева А.А

 – іс жүргізуші

Күнделікті

9.00-ден - 13.00-ге дейін

Алдын ала жазылу мен құжаттарды жеделдетілген түрде рәсімдеу қарастырылмаған

3

"Денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарына  бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметкөрсету  стандарты

Кенжебаева А.А

 – іс жүргізуші

Күнделікті

 8.00-ден - 17.00-ге дейін

үзіліс

 13.00-ден  14.30-ға дейін

Алдын ала жазылу мен құжаттарды жеделдетілген түрде рәсімдеу қарастырылмаған

4

«Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызметкөрсету  стандарты.

Кенжебаева А.А

 – іс жүргізуші

Күнделікті

 8.00-ден - 15.00-ге дейін

үзіліс

 13.00-ден  14.30-ға дейін

Алдын ала жазылу мен құжаттарды жеделдетілген түрде рәсімдеу қарастырылмаған

5

«Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметкөрсету

стандарты

Нуртазина М.О –әлеуметтік педагог

Күнделікті

9.00-ден - 18.00-ге дейін

үзіліс

 13.00-ден  14.00-ға дейін

Алдын ала жазылу мен құжаттарды жеделдетілген түрде рәсімдеу қарастырылмаған

6

«Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет  көрсету

Кенжебаева А.А

 – іс жүргізуші

Күнделікті

 9.00-ден - 18.00-ге дейін

үзіліс

 13.00-ден  14.00-ға дейін

Алдын ала жазылу мен құжаттарды жеделдетілген түрде рәсімдеу қарастырылмаған

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Бiлiм туралы құжаттардың телнұсқаларын беру

   

Қызметтің атауы

Бiлiм туралы құжаттардың телнұсқаларын беру

Қызметті көрсететін Мемлекеттік орган

Ақтөбе қалалық және аудандық негiзгi орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, жоғары бiлiм беру ұйымдары.

Қызметтің тұтынушылары

Жеке тұлғалар

Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін формасы

автоматтандырылмаған

Қызметтің көрсетілетін тәртібі

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн бiлiм және ғылым саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы»

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 Қаулысымен бекітілген стандартына негізделеді.

Қажетті құжаттар

1) құжатты жоғалтқан азаматтың бiлiм беру ұйымы басшысының атына оның жоғалу жағдайы баяндалған өтiнiшi;2) құжатың нөмерi және берiлген күнi көрсетiлген құжаттың жоғалғаны жөнiндегi газеттен үзiндi;3) туу туралы куәлiктiң немесе жеке куәлiктiң көшiрмесi;

4) жоғалған заттарды табу бюросынан анықтама

Қызмет көрсетілуінің нәтижесі

бiлiм туралы құжаттың телнұсқасы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.

Стандарт

Регламент

Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегiн оқытуды ұйымдастыру үшiн құжаттарды қабылдау

   

Қызметтің атауы

Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегiн оқытуды ұйымдастыру үшiн құжаттарды қабылдау

Қызметті көрсететін Мемлекеттік орган

Жалпы орта бiлiм беру ұйымдары

Қызметтің тұтынушылары

Жеке тұлғалар

Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін формасы

автоматтандырылмаған

Қызметтің көрсетілетін тәртібі

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн бiлiм және ғылым саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 Қаулысымен бекітілген стандартына негізделеді.

Қажетті құжаттар

1) медициналық көрсеткiштер бойынша мүгедек баланы үйде оқыту қажеттiлiгi туралы қорытынды: жергiлiктi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарындағы Дәрiгерлiк-консультациялық комиссия бередi;2) мүгедек баланы үйде оқыту үшiн бiлiм беру бағдарламасы түрiнiң қорытындысы мен ұсынысы: тұрғылықты мекенжайы бойынша психологиялық – медициналық – педагогикалық консультация (ПМПК) бередi;3) бiлiм беру ұйымы директорының атына ата-ананың еркiн нысанда жазған өтiнiшi;4) мемлекеттiк қызметтi алушы ата-аналарының бiреуiнiң жеке басын куәландыратын құжаттарының көшiрмесi;5) мемлекеттiк қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжаттар көшiрмесi;6) мекенжай анықтамасы;7) ата-аналардың жұмыс орнынан анықтама.

Қызмет көрсетілуінің нәтижесі

бiлiм беру ұйымының бұйрығы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады

Стандарт

Регламент 

 

Жалпы бiлiм беретiн мектептерде бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң жекелеген санаттарына тегiн тамақтандыруды ұсыну үшiн құжаттар қабылдау

   

Қызметтің атауы

Жалпы бiлiм беретiн мектептерде бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң жекелеген санаттарына тегiн тамақтандыруды ұсыну үшiн құжаттар қабылдау

Қызметті көрсететін Мемлекеттік орган

Ақтөбе қалалық және аудандық білім бөлiмдерi,

Қызметтің тұтынушылары

Жеке тұлғалар

Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін формасы

автоматтандырылмаған

Қызметтің көрсетілетін тәртібі

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн бiлiм және ғылым саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы»

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 Қаулысымен бекітілген стандартына негізделеді.

Қажетті құжаттар

1) осы стандарттың 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген адамдар санаты үшiн өтiнiш иесiнiң (отбасының) жергiлiктi атқарушы органдар тарапынан ұсынылатын мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама;2) осы стандарттың 6-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген адамдар санаты үшiн табысы туралы мәлiметтер (ата-аналардың немесе оларды алмастырушы тұлғалардың еңбекақылары, кәсiпкерлiк және басқа да қызмет түрлерiнен түскен табыстары, балаларға төленетiн алимент түрiндегi және қарауындағы басқа да адамдардың табыстары);3) осы стандарттың 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген отбасыларда тәрбиеленетiн адамдар санаты үшiн, уәкiлеттi органның жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеудi бекiту туралы шешiмi;

Қызмет көрсетілуінің нәтижесі

осы стандарттың 5-қосымшасына сәйкес жалпы бiлiм беретiн мектепте тегiн ыстық тамақпен қамтамасыз етiлгенi туралы анықтаманы қағаз түрiнде бере отырып, жалпы бiлiм беретiн мектептерде оқушылар мен тәрбиеленушiлердiң жеке санаттарына тегiн ыстық тамақ беру немесе қызмет көрсетуден бас тартатыны жөнiнде дәлелдi жауап болып табылады.

 

Регламент

Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшiн құжаттарды қабылдау 

   

Қызметтің атауы

Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшiн құжаттарды қабылдау

Қызметті көрсететін Мемлекеттік орган

Ақтөбе қалалық және аудандық білім бөлiмдерi

Қызметтің тұтынушылары

Жеке тұлғалар

Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін формасы

автоматтандырылмаған.

Қызметтің көрсетілетін тәртібі

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн бiлiм және ғылым саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы»

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 Қаулысымен бекітілген стандартына негізделеді.

Қажетті құжаттар

1) ата-аналардан өтiнiш;2) жеке басын куәландыратын құжат;3) өтiнiш иесiнiң (отбасының) жергiлiктi атқарушы органдар беретiн мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi алушылар қатарына жататынын растайтын анықтама;4) денсаулығы жағдайы туралы анықтама (медициналық төлқұжат)

Қызмет көрсетілуінің нәтижесі

осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдама беру немесе қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.

Стандарт

Регламент 

Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру

   

Қызметтің атауы

Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру

Қызметті көрсететін Мемлекеттік орган

Ақтөбе қалалық және аудандықтехникалық және кәсiптiк бiлiмнiң бiлiм беру ұйымдары

Қызметтің тұтынушылары

Жеке тұлғалар

Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін формасы

автоматтандырылмаған.

Қызметтің көрсетілетін тәртібі

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн бiлiм және ғылым саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 Қаулысымен бекітілген стандартына негізделеді.

Қажетті құжаттар

1) бiлiм алушылардың денсаулығы туралы медициналық-әлеуметтiк сараптаманың анықтама-қорытындысын;2) бiлiм алушылардың ата-аналары немесе оларды алмастыратын тұлғалардың шетелде уақытша тұратындығы туралы анықтаманы, оқушылар алмасу желiсi бойынша шетелде бiлiм алғандығын растайтын құжатты;3) бiлiм алушылардың соңғы оқыған сыныбында берiлген үлгерiм табелiнiң көшiрмесiн (нотариалды расталған) ұсынады.

Қызмет көрсетілуінің нәтижесі

экстернат нысанында оқуға рұқсат беру туралы анықтама немесе қызметтi ұсынудан бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.

Стандарт

Регламент

Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн бағдарламалары бойынша оқыту үшiн ведомстволық бағыныстылығына қарамастан бiлiм беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау

   

Қызметтің атауы

Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн бағдарламалары бойынша оқыту үшiн ведомстволық бағыныстылығына қарамастан бiлiм беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау

Қызметті көрсететін Мемлекеттік орган

Ақтөбе қалалық және аудандық орта бiлiм беру ұйымдары

Қызметтің тұтынушылары

Жеке тұлғалар

Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін формасы

автоматтандырылмаған.

Қызметтің көрсетілетін тәртібі

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн бiлiм және ғылым саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту туралы»

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 Қаулысымен бекітілген стандартына негізделеді.

Қажетті құжаттар

1) баланың заңды өкiлдерiнен өтiнiш (еркiн нысанда);2) туу туралы куәлiктiң көшiрмесi;3) денсаулығы туралы анықтама (денсаулық паспорты);4) тұратын жерiнен анықтама немесе тұратын жерiн растайтын басқа құжат;5) 3х4 көлемiндегi 2 дана фотосурет.

Қызмет көрсетілуінің нәтижесі

бiлiм беру ұйымдарының жалпы орта бiлiм беретiн ұйымдарға оқуға қабылдау туралы жалпы бұйрығы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.

Стандарт

Регламент

 

2021 год

№6 Хромтау гимназиясының 2021 жылғы 6 қаңтардағы №2/1 н/қ бұйрығына өзгерістермен толықтырулар 1 стр 2 стр  

№1 Бұйрықтар,кесте
№2 мемлекеттік қызметкөрсету паспорты
№3 мемлекеттік қызметкөрсету регламенті
№4 мемлекеттік қызметкөрсету стандарттары

Архив 2020

Бұйрық №41-1 н/к

Бұйрық МҚК 2020 ж Бұйрық 2020

«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну»

Тамақтандыруды ұсыну мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ

-------------

БҰЙРЫҚ Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы

«№6 Хромтау гимназиясы» КММ мемлекеттік қызмет көрсету кестесі

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы
регламент
стандарт 

«Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдау
регламент
стандарт

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау»
регламент
стандарт

«Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру»
регламент
стандарт

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіпт
регламент
стандарт

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарын мемлекет төлейтін жеке тұлғалар туралы деректерді өзектендіру»

стандарт

Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау
регламент
стандарт

Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау
регламент
стандарт

АРХИВ

 

Ата-аналарға жадынама

Терроризм актілерінің жасалу қауіп-қатері кезінде халықтың әрекет ету қағидаттары.

Әр оқушы өз бойында Қазақстан Республикасының жас азаматының жоғары адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға міндетті

  1. Ғылым мен білімнің негізін қалап, өз біліміңді жетілдір.
  2. Сабаққа кешікпей таза, ұқыпты киініп сабаққа керекті құрал жабдықтарыңмен дайын кел.
  3. Ең бірінші мұғалім талабына сәйкес күнделікті көрсет және күнделікті үй тапсырмасын жаз.
  4. Мектеп ішіндегі, мектеп ауласындағы жұмыстарға шамаң келгенше көмектес.
  5. Қоғамдық өмірге белсене араласып өзіңді саналы түрде болашақ мамандық таңдауға дайында. Еңбек тәрбиесі бойынша тапсырмаларды орындау барысында қауіпсіздік техника ережелерін қатаң сақта. Өрт қауіпсіздігі, жол ережелерін оқып, біл және сақта
  6. Мектептің қоғамдық-мәдени іс-шараларына, оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымына белсене қатыс.
  7. Туған жердің табиғатын, халқыңның байлығын сақтап, қорғап көбейтуге ат салыс.
  8. Мектептің, өзіңнің және басқаның мүлкін сақтауға, мектеп ауласындағы тазалық пен тәртіпті сақта.
  9. Оқушы мектеп мүлігін бүлдірсе, оны ата-анасы орынан келтіру керек;
  10. Біреудің затын рұқсатсыз иемденуге болмайды, жоғалған немесе ұмытып кеткен затты кезекші мұғалімге немесе әкімшілікке тапсыру керек;
  11. Сабақ кезінде медбикенің немесе сынып жетекшінің рұқсатынсыз кетуге болмайды;
  12. Босатылған сабақтар үшін оқушы сынып жетекшіге анықтама немесе ата-анасынан ескертпе қағаз әкелу керек;
  13. Салауатты өмір салтын сақтап, жүйелі түрде спортпен айналысып, шынық, өзіңді Қазақстан Республикасының Қарулы күштер қызметіне дайында.
  14. Заманауи талапқа сай мәдениет пен техниканы меңгеріп, әр түрлі шығармашылық қабілеттеріңді дамыт.
  15. Өз еңбегіңді дұрыс ұйымдастырып, уақытыңды үнемді пайдалан.
  16. Қоғамдық орындар мен көшеде әдеп ережесін сақта.
  17. Достарыңа адал болып, мектеп ұйымының тұтастығын сақтап, оның пайдалы жақтарын дамыт;
  18. Ата-ана, отбасы мүшелеіне құрмет көрсетіп, үй шаруасына көмектес.
  19. Ұстаздардың еңбегіне құрметпен қара. Мұғалімдердің, оқушылардың өзін өзі басқару ұйымының талаптарын белсенді қолдап, орында.
  20. Мектеп формасын, Алғашқы әскери дайындық, дене шынықтыру пәндерінің бекітілген киім үлгісін қатаң түрде сақта.
  21. Қоғамдық, жеке бас гигиенасын, қысқа және үзын шашты жинап оқушыға сай шаш үлгісін сақта.

Оқу жылының қысқы кезеңінде оқушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау мақсатында білім ұйымдарында сабақты тоқтатудың төмендегідей параметрлері ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІНІҢ 27.09.2006 Ж. № 509 БҰЙРЫҒЫНА СӘЙКЕС ҚЫСТА ЖАЙСЫЗ АУА-РАЙЫНДА БІЗДІҢ ҚАЛА МЕКТЕПТЕРІНДЕ САБАҚТАР ТОҚТАТЫЛАДЫ. САБАҚ БІЛІМ БЕРУ, ДЕНЕ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІ БҰЙРЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІНДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ.

  • 1-4 сыныптарда ауаның температурасы -25 градус және одан төмен (атмосфералық ауаның температурасы желдің жылдамдығына сәйкес) болғанда;
  • 1-9 сыныптарда ауаның температурасы -30 градустан төмен болғанда;
  • 1-11(12) сыныптарда - 35 градустан төмен болғанда;

- ата – аналар үшін балалары оқитын мектептің кезекші телефонына, сынып жетекшісіне, мектеп әкімшілігіне хабарласуға болады.

 

Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері

Мектеп өміріне қатысуға;

1. Ата-аналар комитетінің мүшесі болуға құқылы.
«Білім туралы» Заңда, отбасы кодексінде, гимназия Жарғысында сонымен қатар, басқа да нормативті – құқықты актілерде көрсетілген ата-аналар міндеттерін орындауға;

  1. Ата-аналар комитетінің іс-шараларына қатысып, мектеп әкімшілігі жәнепедагогикалық ұжыммен бірігіп жұмыс жүргізуге;
  2. Баласының сабаққа кешікпеуін, сабақтан себепсіз қалмауын қадағалауға;
  3. Сабақ кестесіне сәйкес оқулықтар және оқу құралдарымен қамтамасыз етуге;
  4. Мектеп жарғысына сәйкес оқушының мектеп формасын сақтауын қадағалауға;
  5. Баланың сабақтан тыс ісшараларға үйірме және секцияларға, мектепішілік олимпиадаларға, жарыстарға қатысуын бақылауға алуға;
  6. Оқушының оқулықты ұқыпты ұстауын қадағалауға;
  7. Егер бала мектеп мүлкін бүлдірсе (оқу-зертханалық және басқа жабдықты бүлдірсе, оқулығын жоғалтса және т.б.) көрсетілген шығынды белгіленген тәртіпке сәйкес қалпына келтіруге;
  8. Баланы сабақтан бос уақытында және демалыс кездерінде қараусыз жіберіп,тәртіпсіздік жасауына жол бермеуге, баланың уақытын үнемді, мақсатты пайдалануын ұйымдастыруға;
  9. Баланың санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жүруіне, денсаулыққа байланысты зиянды заттарды пайдаланбауын қадағалауға;
  10. Баланың қалтасында өткір,үшкір,түйрейтін,кесетін,улы заттармен (пышақ, қайшы,ине,дәрі) жүрмеуін бақылауға;
  11. Ата-аналарға арналған іс-шараларға, ата-аналар жиналысына белсене қатысуға;
  12. Балаға қоғамдық жерлерде жүру тәртібін үйретуге;
  13. Балаға сағат 21.00 дан бастап, далада жүруіне тыйым салуға;
  14. Балаға патриоттық,рухани адамгершіліктік тәрбие беруге;
  15. Баланың салауатты өмір салтына сәйкес өмір сүруіне жағдай жасауға;
  16. Баланы кез-келген діни, басқа да жағымсыз әсер ететін ұйымдарданқорғауға міндетті.

 

Ата-аналарға қойылатын мектептің ішкі тәртіп ережесі

  1. Әр ата-ана және оқушы мектептің ішкі тәртіп ережесіне бағынуға міндетті.
  2. Ата-ана баласының сабақтан кешікпеуін,сабақтан себепсіз қалмауын қадағалауы тиіс. Егер де оқушы сабақтан себепті қалатын болса, оны анықтамамен дәлелдеуі тиіс.
  3. Ата-ана баласын мектеп формасымен, екінші аяқ киіммен, қажетті оқу-құралдарымен толық қамтамасыз етуге жауапты.
  4. Оқушыны демалыс кезінде мектептің жоспары бойынша ұйымдастырылған іс-шараларға қатыстыруы тиіс.
  5. Сабақ уақытында сынып жетекшісінің уақытын бөлуге тыйым салынады.
  6. Сынып жетекшісімен алдын ала келісім бойынша, сабақтан бос уақытта кездесуге болады.
  7. Мектеп әкімшілігімен кездесу үшін кезекші мұғалімге өзінің жеке куәлігін көрсетіп, тек жазылу арқылы кіргізіледі. Сұрақ туған жағдайда, алдымен, сынып жетекшісі, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектепішілік ата-аналар комитетінің мүшелерімен талқылауы тиіс.
  8. Оқушылардың ұялы телефондары және басқа да бағалы заттары жоғалса, мұғалім және мектеп әкімшілігі оған жауап бермейді.
  9. Мектеп ауласына велосипедпен, роликпен,балаларға арналған бесік арбамен (коляскамен) кіруге, мектеп ауласында серуендеуге тыйым салынады.

Мектеп формасы

Әрбір оқушы, ұстаз, ата-ана білуге тиісті ережелер:

1. Балаңызға қандай сайттарға кіруге болатынын, алдын ала ескертіп айтыңыз.

2. Жеке төлқұжат, мекен - жай туралы мәліметтерді тек ата-ана рұқсатымен толтырылуы керек

3. Балаңыз желіде танымайтын адаммен хат алыспауын, өзі туралы ақпарат бермеуін алдын ала ескертіп, қадағалап отырыңыз.

4. Балаға интернеттегі ақпаратты: текст, музыка, ойын және т.б рұқсатсыз қолдану, өз атымен қайталау ұрлыққа жататынын түсіндіріңіз.

5. Интернетте Сіз қасында болғанда немесе арнайы Сіз белгілеген кесте бойынша кіруін қадағалаңыз.

6. Парольдарын бөтен адамға айтпауын талап етіңіз.

7. Әлеуметтік желілерге лақап атпен отырған адаммен, жеке кездесуге болмауын алдын ала ескертіңіз.

8. Интернет арқылы компьютеріңізге вирустық шабуылдар болуы мүмкін, сондықтан вирусқа қарсы бағдарламамен жұмыс істеу ережелерін үйретіп қойыңыз.

 

Электрондық оқыту жүйесін (ЭОЖ) пайдалану жөніндегі ата-аналарға арналған жадынама

Сіздің балаңыздың бағалары журналына қол жеткізу, күнделікті бағалар мен үй тапсырмасын белгілеу туралы СМС-хабарламаға жазылу, білім ұйымдарының порталы арқылы сынып жетекшілері мен оқытушылармен байланысу ЭОЖ пайдаланудың негізгі мүмкіндіктері болып табылады.

1) Қалай ЭОЖ пайдаланушысы болуға болады?

Ата-аналардың есептік жазбасы (логині) оқу ісі меңгерушісі оқушының ата-анасының деректерін енгізумен автоматты түрде құрылады және сынып жетекшісімен беріледі.

Ескерту:Құру кезінде барлық логиндер үшін пароль – 12345. ЭОЖ-ға алғаш кірген кезде парольді өзгерту қатаң ұсынылады.

2) Пайдаланушылардың нұсқаулығы қайда орналасқан?

ЭОЖ пайдаланушысының нұсқаулығын қарау үшін Сізге мыналарды орындау қажет:

  1. https://e.edu.kzсілтемесі бойынша білім ұйымының порталына өтіңіз
  2. «Нормативтік құжаттар» бөлімін таңдаңыз
  3. «ЭОЖ пайдаланушылардың нұсқаулығы» қосымша бетін басыңыз
  4. Тізімнен ата-налар үшін пайдаланушы нұсқаулығын таңдаңыз

3) Күнделікті бағалар туралы СМС-хабарлама мен үй тапсырмасын белгілеу туралы хабарламаға қалай жазылуға болады?

Жазылуды жүзеге асыру үшін мыналарды орындау қажет:

  1. «Басқару» бөлімінде өзінің есептік жазбасымен авторлануы тиіс
  2. «Қосымша» - «Хабарламалар менеджеріне»басу керек
  3. Пайда болған терезеде мобильдік телефон нөмірін көрсету, хабарлама түрін таңдау, «Сақтауды» басу керек
  4. «СМС теңгерімін толтыру» түймешігін басу қажет
  5. Ашылған терезедегі нұсқауларды сақтау және СМС теңгерімін толтыру керек.

4) ЭОЖ арқылы сынып жетекшілерімен/оқытушылармен қалай байланысуға болады?

Мәтіндік хабарлама құру және жіберу үшін мынадай әрекетті орындау қажет:

  1. https://e.edu.kz сілтемесі бойынша білім ұйымының порталына өтіңіз
  2. «КІРУ» бөлімінде өзінің есептік жазбасымен авторлануы тиіс
  3. «ӨТУ» қосымша бетін басу керек
  4. Ашылған тізімнен «ЖЕКЕ КАБИНЕТТІ» таңдаңыз
  5. «Жаңа хабарламаға» басыңыз
  6. Кімге жолында оқытушының ТАӘ теріңіз, кейіннен хабарлама терезесінде мәтінді теріңіз және «Жіберуді» басыңыз. Жіберілетін хабарламаға файлды қосымша тіркеуге болады

 

Бекітемін

Жоспар

Ата-ана тәрбиесі стилі

Ата-аналарға ақыл кеңес

Мектептің ата-аналарымен қарым қатнас дамыту

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері

Жазғы демалыс кезінде балалар қауіпсіздігі туралы ата

«Ата-аналар бақылауы» қызметі

Компьютерлік және интернет-технологиялардың күрт дамуы өзара қарым-қатынас пен өзін-өзі дамытуда өте үлкен мүмкіндіктерді ашуда. Сонымен қатар, интернет – небір қауіп-қатерлердің көзі де. Бәрінен бұрын, балаларымызды әлемдік тордың зиянды жақтарынан – агрессиядан, интернетке тәуелді болып қалудан, психологиялық қысымнан қорғай білу өте маңызды болуда.

«Ата-аналар бақылауы» қызметі балаңызды желідегі жағымсыз әсерлерден қорғауға мүмкіндік береді! Қызметті қосып, баптаудың түк те қиындығы жоқ:

Мәлімет
Дін – тәрбие діңгегі /дөңгелек үстел/
Теріс пиғылды идеологияны тұрақты қажетсінбеуді қалыптастыруға бағытталған тақырыптық кеш

15- мамыр ата-аналар жиналыс хаттама

Ата-аналар жиналысы

 ЖАДНАМА. Балалардың Интернеттегі қауіпсіздігі туралы

   

Послание Токаева  

   

Мемлекеттік рәміздері  

 

   

Директор блогы  

foto 

Мукашева Гулмараш Орынбасаровна

   

Әлеуметтік серіктестер  

 

   
QR-Code dieser Seite
   

Сенім телефоны:  

 

   
© №6 Хромтау гимназиясы

Разработка и техподдержка сайтов в Хромтау ИП Петрова Л.Н. 8 702 548 48 09