Гимназия

kyn

   
   
Психолог маманға
сұрақтар мен жауаптар

psiholog

Райымкулова Гульжан Ж

87071679445
Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
   

   

 

2019 жылдың 27 желтоқсанында №293 ҚР Үкіметінің қаулысымен «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданды.  Бұл заң Елбасы, Нұрсылтан.Әбішұлының 2018 ж. 5 қазанындағы жолдауынан, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлауалды бағдарламасынан  және  тамыз кеңесіндегі арнайы тапрсырмасын  жүзеге асыру мақсатында  жасақталған болатын. 

 

Осы Заң 21 баптан тұрады педагогтің жеке тұлға мен қоғамды дамытудағы ерекше рөлін, және педагогтің құқықтық мәртебесін сапалы жақсартуға, оның әлеуметтік-экономикалық қорғалу кепілдіктерін қамтамасыз етуге бағытталған. Заңда мұғалімдердің жалақысын көтеру, кәсіби құзіретіне кірмейтін міндеттеріне байланысты емес жұмыс түрлеріне тартқаны үшін айыппұл салу, қосымша атқарылатын қызметтері үшін қосымша ақы төлеу жөнінде жеңілдіктер мен қолдаулар қарастырылған. Бұл педагогтің жұмысын әрі қарай дамытуға, жұмыс сапасын арттыруға мүмкіндік береі айдан анық.

Заңда пайдаланылған негізгі ұғымның бірі «педагог» түсінігі яғни Қабылданған Заң педагогтің қоғамдағы биік мәртебесін айғақтап берді.

Сонымен қатар, педагогтардың құқықтарын, әлеуметтік кепілдіктері мен шектеулерін, міндеттері мен жауапкершілігі белгіледі. Заң нормалары мектепке дейінгі, орта, кәсіптік және техникалық білім беру, қосымша білім беру, мамандандырылған, арнайы білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттерде кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтеріне қатысты. Және осы Заңның күші әскери оқу орындарының педагогтарына да тиесілі ҚР Заңында көзделген ерекшеліктермен қолданылады. 

— Заңда аталған келесі бір ұғымңың бірі педагогикалық әдеп бұған дейін де Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 8 қаңтардағы № 9 бұйрығымен бекітілген болатын.Педагогикалық әдеп – барлық білім саласы қызметкерлері үшін өте маңызды талаптың бірі.

 Ал аталған Заң аясындағы келесі ұғымның бірі ол - педагогикалық әдеп жөніндегі  кеңес бұл әрбір білім мекемесінде ұстаздың құқығын қорғауға бағытталған алқалы орган. Алдағы уақыта осы алқалы оргынның тәртібін реттейтін қағида қабылданады. 

Ал, тәлімгерлік – педагогтің орта білім беру ұйымында жұмысқа алғаш қабылданған адамға кәсіби бейімделуге практикалық көмек көрсетуші. 

Әлеуметтік кепілдіктер қарастырылғана тоқтала кетсем

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 қаулысымен

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын қабылданған болатын осы бағдарлама аясында Мемлекет басшысы мұғалімдердің жалақысын алдағы төрт жылда екі есеге өсіруді тапсырды. Осыған байланысты 2020 жылдың қаңтар айынан бастап барлық педагогтің еңбекақысы 25%-ға көбейтілді.

 Сондай-ақ алдымыздағы жаңа оқу жылының1 қыркүйегінен бастап тәлімгерлік үшін 10 АЕК көлемінде және ұстаздардың дәптер тексеруі мен сынып жетекшілігі үшін төленетін ақыны екі есе өсіру қарастырылған. Бұдан өзге де Заң аясында магистр дәрежесі үшін де қосымша ақы төлеу ұйғарылды.

Бүгінгі күні мысалға біздің мектепте 3 магистр дәрежесі бар маман жұмыс істеуде. Магистр дәрежесіне қосылатын үстемақы ай сайын төленетін әлеуметтік кепілдіктер қатарында. Ал тәлімгерлік үшін төленетін үстем ақы бір оқу жылының деңгейінде төленеді. 

Тағы бір тоқталатын жайт, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысымен бекітілген Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген лауазымдағы адамдардың барлығына педагог мәртебесі беріліп  және олардың  еңбек демалысы бұрын соңды  42 күн болатын болса енді 56 күнге демалатын болды.

Сонымен қатар бірнеше жылдан бері төленіп жүрген еңбек демалысына шыққан кездегі бір лауазымдық жалақы көлеміндегі сауықтыру жәрдемақысы сақталады бұрынғыдай төленеді.

   Мұғалімдер үшін тағы жақсы жаңалығы Материалдық қамтамасыз ету мақсатында педагогтарға үй салу үшін жер беру, тұрғын үй немесе жатақханамен қамтамасыз етіледі. Ауылдық жердегі педагогтарға 25 % қосымша ақы сақталады коммуналдық қажеттіліктер үшін төлем берілетіндігі айтылған.   

   Ынталандыру, марапаттау бағытында «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағы белгіленді  және жылда өткізіліп келе жатқан «Үздік мұғалім» конкурсы жалғасады, мереке күндеріне байланысты қаржылай сыйлық беру  сонымен қатар халықаралық байқыау, олимпиада,ғылыми жобалар, спорттық жарыс жеңімпазын дайындаған мұғалімге үш лауазымдық айлық көлемінде сыйаық бекітілді. 

 Бұл жерде бір мәселені ескеру керек деп ойлаймын, олимпиадалық жұмыстарға дайындау  білім беру стандарттарымен ғана шектелмеу керек, одан жоғары тұрған талаптарға төтеп беретін болуы керек.

      Педагог бес жылда кемінде бір рет біліктілігін арттыруға құқылы.

      Қазіргі таңда білім беру ұйымдарында педагог кадрлар тапшылығы өзекті мәселе болып отыр. Ал осы Заңның 10-шы бабында көрсетілгендей педагогикалық мамандығы жоқ, бірақ осы салада жұмыс істей алатын қызметкерлер үшін қарастырылған. Сондықтан нақты педагогикалық білімі жоқ мамандар болатын болса, олар тиісті деңгейдегі қайта даярлау курстарынан өтіп, одан кейін осы мамандық бойынша қызмет жасауына болады. Педагог кадрлар тапшылығын шешуде қайта даярлау курстары маңызды деп санаймын.

Осы орайда жаңа Заңның 8 бабының 3-тармақ, 1-ші тармақшасы жалпы орта білім беретін мектептердегі педагогтердің апталық оқу жүктемесін 18 сағаттан 16 сағатқа дейін төмендету 2021 жылдың 1-ші қыркүйегінен бастап қолданысқа енеді.

Ұлы Абай  Құнанбаев: «Адамныңың адамшылығы – жақсы ұстаздан»-дейді, олай болса, құрметті әріптестер атқарып отырған    қызметіміздің мәртебесіне лайықты болайық дегім келеді.                        

   

Послание Токаева  

   

Мемлекеттік рәміздері  

 

   

Директор блогы  

foto 

Мукашева Гулмараш Орынбасаровна

   

Әлеуметтік серіктестер  

 

   
QR-Code dieser Seite
   

Сенім телефоны:  

 

   
© №6 Хромтау гимназиясы

Разработка и техподдержка сайтов в Хромтау ИП Петрова Л.Н. 8 702 548 48 09