Гимназия

kyn

   
   
Психолог маманға
сұрақтар мен жауаптар

psiholog

Райымкулова Гульжан Ж

87071679445
Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
   

   


1Елімізде орын алып отырған қазіргі жағдай бұған дейінгі қалыпты жағдайды көп өзгертті. Соның ішінде білім беру саласының жүйесі басқаша арнада жалғасты. Білім беруді қашықтықтан оқыту түрінде жүзеге асыру енгізілді. Әрине, оқытудың бұл түрі бұрыннан таныс, негізінен жоғары оқу орындарында жүзеге асырылып келгені белгілі. Алайда, жалпыға білім беру мекемелері үшін бұл бұрын-соңды тәжірибеде болмаған, тосын, көңілге ұялатар күдігі мен сұрағы мол әдіс. Қалай болар екен, үйінде отырған баланың назарын сабаққа аудару, қызығушылығын ояту, сабақты меңгерту тағы басқа да көптеген сауалдар алғашқы кезде алынбас қамалдай тосылдырып – ақ тастаған еді. Дегенмен, білікті де, білімді министріміз Асхат Аймағамбетов бастаған Білім Министрлігі мұғалімнің де, ата-ананың да, баланың да ойындағы алаңдаушылықты жойып, жаңа бағытта нық сеніммен жұмыс жасауаға болатынын көрсетті.

Қолымыздағы бар мүмкіншілікпен де білім беру жүйесін ақсатпай жүзеге асыруға қолдау көрсетті, бәрімізді бір жұдырық болып жұмыла жұмыс жасауға біріктірді. Әр қиындықтың бір жақсылығы болады дегендей, қашықтықтан білім беру - ұстаздарымыздың шығармашылығының жаңа қырынан ашылуына түрткі болды. Мұғалімдеріміз оқушыны жалықтырмай, шаршатпай, аз ғана уақыттың ішінде нақты білім берудің жолдарын, презентацияларды сапалы жасаудың әдістерін, бейне – сабақтарды қызықты, мазмұнды етіп жасаудың сан түрін бірінен кейін бірін шығара бастады. Кез келген жағдаятты жақсы жағына ауыстыра білу өз қолымызда екеніне тағы да бір мәрте көзіміз жетті. «Мұғалім-мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қиял әрекетіне дәнін сеуіп, нұр құятын тынышсыз, лаулаған жалын иесі» дегендей, барша ұстаздар қауымына осы асыл қасиетімізден айнымай халық игілігі үшін қызмет ете берейік дегім келеді.
Ақтөбе облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті жанындағы консультациялық кеңес мүшесі

Мукашева Гулмараш Орынбасаровна 

инстаграм

 

   

Послание Токаева  

   

Мемлекеттік рәміздері  

 

   

Директор блогы  

foto 

Мукашева Гулмараш Орынбасаровна

   

Әлеуметтік серіктестер  

 

   
QR-Code dieser Seite
   

Сенім телефоны:  

 

   
© №6 Хромтау гимназиясы

Разработка и техподдержка сайтов в Хромтау ИП Петрова Л.Н. 8 702 548 48 09