Гимназия

kyn

   
   
Психолог маманға
сұрақтар мен жауаптар

psiholog

Райымкулова Гульжан Ж

87071679445
Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
   

   

Жан жадыратқан жылы жолдау.

Қыркүйек айының 1-і Қазақстан халқы үшін қашан да ерекше күн - Білім күні. Бір әріп үйреткенге 40 жыл сәлем бер деген ұстанымы бар халық үшін бұл күннің маңызы ерекше. Әрине биылғы жылдың өзіндік қиындықтарына қарамастан мерекелік көңіл күйді ерекше серпілткен айтулы оқиға - Президент жолдауы болды. Қасым-Жомарт Тоқаев "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" деген тақырыппен халыққа жолдау жасады.

Мемлекет басына келгелі бері ұстаздар қауымының жағдайына мұқият назар аударған Президентіміздің «Педагог мәртебесі туралы заңға» қол қойғанына да көп уақыт өткен жоқ, Заңның жүзеге асырылу шеңберінде қыруар жұмыстар жүргізіліп жатқанын бәріміз білеміз.Мемлекет басшысы осы жолдауында да «ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ БІЛІМ» деп білім саласына ерекше тоқталды. соның ішінде қазіргі қашықтан оқыту жағдайындағы әлсіз тұстарымызды да ашып көрсетті. Сапалы білім беру үшін жетілдірілген қолайлы платформажасап шығу, дәстүрлі оқуға қайта көшуге бағытталған жүйелі жұмыс жасау туралы ұсыныстар көңілімізге сенім ұялатты. Өткен жылы уәде етілгендей қыркүйек айынан басап қосылатын үстемақыдан бөлек, 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25 пайызға көбейеді және жалақы мөлшері алдағы уақытта да арта береді деп атап айтты. Балалардың қызығушылығы мен күш жігерін білім алуға, өзін дамытуға, шығармашылықпен спортпен айналысуға бағыттаудың маңызы зор. Осы орайда дарынды балаларды қолдау, спорттық секциялар мен үйірмелер жұмысын жандандыру, ауыл мектебі мен қала мектебінің арасындағы алшақтықты жою сияқты өзекті мәселелерді қозғады.

Халықтың Цифрлық сауаттылығын арттыру үшін үздіксіз білім берудің тұжырымдамасын жасау, соның ішінде өз бетінше білім алудың баламалы нұсқаларын қарастыру тамаша мүмкіндік болғалы тұр.
Президентіміз нақты мәселелерді қозғады, тиянақты жұмыс ұсынды. Әрбір айтылған сөзден еліміздің әрбір азаматына деген қамқорлықты, шынайы адами қолдауды анық байқадық. Олай болса, барша әріптестерімді, жерлестерімді Қ.К.Тоқаевты қолдай отырып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бірлесе жұмыс жасауға шақырамын.

   

Послание Токаева  

   

Мемлекеттік рәміздері  

 

   

Директор блогы  

foto 

Мукашева Гулмараш Орынбасаровна

   

Әлеуметтік серіктестер  

 

   
QR-Code dieser Seite
   

Сенім телефоны:  

 

   
© №6 Хромтау гимназиясы

Разработка и техподдержка сайтов в Хромтау ИП Петрова Л.Н. 8 702 548 48 09