Гимназия

kyn

   
   
Психолог маманға
сұрақтар мен жауаптар

psiholog

Райымкулова Гульжан Ж

87071679445
Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
   

   

«Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыру – баршаға ортақ міндет. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың: «Ақыл табылмай, ештеңе табылмайды. Ой жетілмей тұрып, ар-намыс шыңдалмайды. Ал, сол ақылдың - тәрбие мен білімнен келіп туындайтынын ескерсек, ұстаздар қауымын адам болмысының инженері деп бағалауға тура келеді. Бүгінде Елбасы айтқан бәсекеге қабілетті қоғам орнату жолында жас ұрпақтың бойына білім нәрін егу мен тәрбиелеуде жаңашылдыққа ұмтылу қажеттігі туындап отыр. Мұның бәрі білім берудің мақсатын, құрылымын, әдістері мен құралдарын, оқу үрдісін ұйымдастыруға тікелей байланысты. Мектебіміз 100% интернетке қосылып, олардың барлығы интербелсенді құрылғылармен жабдықталған.

Сондай-ақ ол жаңа технологиялардың эксперимент алаңдарын және инновациялық іс-әрекетті сараптау мен сапасын қолдауымен қатар 2013 жылдан бастап "электрондық оқыту" жүйесі қолданысқа енгізілді, «Кембридж бағдарламасын меңгерген мұғалімдерден шығармашылық топ» құрылып, олар білім мазмұнына жаңаша сипат беру жолында өз жұмысын бастап кетті. Сонымен бірге «On-line» режимінде облыс,республика көлеміне сабақ беріп, барлық кабинеттің жекелеген пәндер бойынша «On-line» тәртібіндегі қашықтықтан семинар, ашық сабақ байқаулар өткізуін қадағалап отыруы – оның бүгінгі күн талабы мүдесіне шығуға қатты мән беретіндігінің көрінісі. Өскелең ұрпағымызды Отансүйгіш етіп тәрбиелеу үшін олардың санасына ұлттық құндылықтарды жасынан сіңіруіміз керек. Гимназияның бүгінгі таңда алға қойған мақсаты: мұғалімнің кәсіптік даярлығына, жаңа технологияларды пайдалана білуіне, өзінің нақты мақсатын айқын көре алуына және сол арқылы баланы әлемдік ақпараттық қоғамның толыққанды мүшесі ретінде азамат болуға бағыттау. Ұрпақ келешегі мен болашағына жауапкершілікпен қарайтын мұғалімдердің еңбегі өз нәтижесін берері сөзсіз. Білім, ғылым, әлеуметтік басқа да салаларды кешенді түрде қайта дамытқанда ғана алпауыт елдермен тең дәрежеде қадам басатын боламыз.

Ал Президентіміз Н.Ә Назарбаевтың кезекті Жолдауы әр ұстаздың қойын дәптеріне айналуы тиіс.

Гимназия директоры Г.О Мукашева

   

Послание Токаева  

   

Мемлекеттік рәміздері  

 

   

Директор блогы  

foto 

Мукашева Гулмараш Орынбасаровна

   

Әлеуметтік серіктестер  

 

   
QR-Code dieser Seite
   

Сенім телефоны:  

 

   
© №6 Хромтау гимназиясы

Разработка и техподдержка сайтов в Хромтау ИП Петрова Л.Н. 8 702 548 48 09