СЕМИНАР
«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ
«БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ РЕФЛЕКСИВТІК ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТӘСІЛ ПЕДАГОГТАРДЫҢ СЫНИ КӨЗҚАРАСЫНЫҢ НЕГІЗІ»
тақырыбындағы облыстық (СЕМИНАР-САРАПТАМА)
Мақсаты: «НЗМ» ДББҰ тәжірибесін тарату, оқу мен оқытудағы проблемаларды зерттеу, жетілдіру мақсатында тәжірибе алмасу.
Өтетін мерзімі: 28 мамыр, 2014ж.
Өтетін орны: «№ 6 Хромтау гимназиясы» ММ
«Бірыңғай психологиялық тренинг»
«Бірыңғай психологиялық тренинг» күні
Уақыты: 22.05.2014 жыл
Психологиялық тренинг мақсаты:
Оқушыға өз өмірінің субъектісі екеніне көзін жеткізуге көмек жасау. Сонымен қатар ҰБТ-ны тапсыру кезінде барынша толық өз мүмкіндігін іске асыру. Біздің қолдауды қажет ететін оқушыларды табу: үздіктер және ҰБТ-ға дайындық кезінде белгілі бір қиындықта, түлектерге жағымды психоэмоционалды күйіне жетуге тиімді жағдай тудыру.
Міндеттері:
- ҰБТ-ға дайындық тиімділігін арттыру.
- ҰБТ кезінде психологиялық тұрғыдан дұрыс ұстау.
- Ойлау жұмысын дамытуға әрекет ету.
- Шешуші сәтте өзін жұмылдыра білу.
- Өз эмоцияларын басқара алу.
«Үміт, сенім бізді алға жетелейді»
психологиялық тренингі
Білікті ұстаз
«Білікті ұстаз – сапалы білім бастауы» бірыңғай әдістемелік күн.
Мақсаты:
Қазіргі заман қажеттілігі мен талаптарына сәйкес білім беруді жаңғырту талаптары бойынша тәжірибе алмасу арқылы педагог мамандардың кәсіби құзырлылығын жетілдіру.
Міндеттері:
- Білім беруді дамыту мен жетілдірудегі өзекті мәселелерді талқылау;
- Білім берудің 12-жылдық моделіне көшу жағдайында педагог мамандардың ролін айқындау;
- Педагог мамандардың кәсіби құзырлығын жетілдіру және бәсекеге қабілеттілігін күшейту мақсатында аудан мұғалімдерінің кәсіби әлеуетін біріктіру;
- Білім берудің жаңа технологияларын енгізу, білім беру ұйымдарындағы тәжірибелі пән мұғалімдері мен жаңашыл педагогтердің озық тәжірибелерін жинақтау;
- Оқушылардың білімін бағалау жүйесін жетілдіру;
- Бағдарламалық және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету, білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалану.
№6 Хромтау гимназиясының 10,11 класс
№6 Хромтау гимназиясының 10,11 класс оқушыры №30238 әскери бөлімінің сарбаздарымен кездесіп,әскери өмірімен азда болса танысып қайтты. Кездесу барысында әскери бөлім командирінің орынбасары майор Саукенов бөлімде бар қару-жарақ және әскери техника түрлерімен (түрлі зеңбіріктер, ЖҰМ, МТЛБ және тб.) клуб мүшелерін таныстыра отырып, сабақтарын өткізді.